Украинадағы майданда қазақ жігіті тұтқынға түсіп қалды (ВИДЕО)
Украинадағы майданда қазақ жігіті тұтқынға түсіп қалды (ВИДЕО)
Журналист Жеңіс Құспан Facebook-тегі парақшасында Украинада ресейліктер жағында соғысқан қазақ жігітінің тұтқынға түсіп қалғанын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Атым Төлегенов Рамазан Серғазыұлы, 1997 жылғымын. Орынбордың Первомай ауданы, Камен ауылынанмын. БТР 82-АМ жүргізуші-ефрейторымын. Бөлімшенің командирі - сержант Могаммедов Салман. Украинаға 24 ақпанда келдік. Не мақсатпен барғанымызды білмеймін. Мен тек колоннамнан айырылып қалдым. 10-20 машина болдық. Нақтырақ білмеймін. Шабуыл жасалды. Бір тылсым күштің әсерінен аман қалдым»,- дейді орынборлық қазақ жігіті.
Көпшілік Ресейде тұратын қазақтар сол елдің әскерінде борышын амалсыз өтуге міндетті, сондықтан оған кінә тағуға болмайды деп, ашулы қазақтарға басу айтты.