Тоқаев Украинадағы жағдайға байланысты пікір білдірді

Тоқаев Украинадағы жағдайға байланысты пікір білдірді

Тоқаев Украинадағы жағдайға байланысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезінде Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Біздің ұстаным Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан қабылдануы керек. Біз 2010 жылы ЕЫҚҰ саммитін өткізген ел ретінде біртұтастықты ұстанамыз. Біртұтатыстық өзара түсінушілік пен келісімді қарастырады. Өкінішке қарай, Минск келісімі орындалмай, Украина мен Ресей арасында қақтығыс туындады. Біз екі елді ынтымақтастық орнатуға шақырамыз», - деді Президент.
Оның айтуынша, келіссөздер аясында оны шешу керек. Бейбітшіліксіз ештеңені жүзеге асыру мүмкін емес. Қазақстан бұл орайда барлық қолдауды жүзеге асыруға дайын.
«Қазақстан экономикасы санкцияларға төтеп беруге дайын болуы керек. Біз барлығымыз бұл қиындықтарды артта қалдыра аламыз. Осы орайда партия да бесенділік танытуы керек. Көп жыл бойы үнсіз жатқан адамдар қазір жылымықты пайдаланып, әлеуметтік желілерде неше түрлі ақпарат тарата бастады. Партия жұртшылыққа саясатымызды дұрыс тарата алуы керек. Мен үшін ең басты құндылық – Қазақстан Тәуелсіздігі», - деді Президент.