«Президенттің төңірегіне топтасып, Жаңа Қазақстанды құрайық» – Мәжіліс депутаты

«Президенттің төңірегіне топтасып, Жаңа Қазақстанды құрайық» – Мәжіліс депутаты

«Президенттің төңірегіне топтасып, Жаңа Қазақстанды құрайық» – Мәжіліс депутаты
ашық дереккөзі
Астанада өтіп жатқан «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезінде Парламент Мәжілісінің депутаты Саясат Нұрбек сөз сөйлеп, өз ұсыныстарын айтты деп хабарлады turkystan.kz. Ол әуелі әріптестерін партияның құрылған күнімен және Алғыс айту күнімен құттықтап, қазір 1999 жылдан бері партияластарының саны екі есеге өскенін, 1 наурызда болған партияның алғашқы құрылтай Съезіне 400-ге жуық делегат қатысса, бүгінде саяси ұйымға мүше азаматтардың саны 800 мыңға дейін өскенін жеткізді. Одан кейін депутат қазір елімізге біртұтас ұлт ретінде «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып», даму жолында үлкен істермен айналысатын уақыттың келгенін атап өтті.
«Партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов айтып өткендей, «Nur Otan» партиясы қайтадан түлеп, «Жаңа Қазақстан» стратегиялық моделіне өз болмысымен, өз ісімен үлгі болуы тиіс. Заман өзгерді, ел өзгерді. Партияның да түбегейлі өзгеретін кезі келді. Тіпті, атауы, құрылымы, жұмыс моделі де өзгеру керек!» – деді ол.
Осы ретте Саясат Нұрбек партияны жаңарту бойынша өз ұсыныстарын айтты.
«Біріншіден, қоғаммен байланысты, коммуникация жасауды желілік принциптерге көшіру, «цифрлық демократияны» дамыту үшін заманауи технологиялардың барлық мүмкіндіктерін пайдалану керек. Екіншіден, партияның халықтың үнін тыңдауға бірнеше құралдары бар. Мысалы, Қоғамдық қабылдаулар мен Бастауыш партия ұйымдары арқылы көп мәліметтер алуға болады. Бірақ көп мәліметтер ескерілмей жатыр. Сондықтан партия жұмысына «Big Data» технологиясын енгізу қажет. Ол ақпараттық құралдарды бірыңғай жүйеге біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл технологиялар қоғам үшін өзекті проблемалар туралы нақты ақпарат алуға, оларды зерделеуге және оңтайлы шешімдер ұсынуға мүмкіндік жасайды. Қасым-Жомарт Кемелұлы, есіңізде болса, Ұлттық кеңестің отырысында мен сізге өз замандастарымның атынан ұсыныс білдіріп, ел үшін, халық үшін бізді отқа тастаңыз деп айтқан едім. Ендеше, жаңғыруға бет алған партиямыздың барша мүшелерін Президентіміздің төңірегіне топтасып, Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосуға шақырамын!» – деді ол сөз соңында.