Украина мен Ресей арасындағы келіссөз аяқталды

Украина мен Ресей арасындағы келіссөз аяқталды

Украина мен Ресей арасындағы келіссөз аяқталды
ашық дереккөзі
5 сағатқа созылған Украина - Ресей келіссөзі аяқталды деп хабарлады turkystan.kz. Ресей делегациясын Беларусь елінде өткен келіссөзге Президенттің көмекшісі Владимир Мединский бастап барды. Оның құрамына, сондай-ақ, Қорғаныс және Сыртқы істер министрлігі басшысының орынбасарлары - Александр Фомин мен Андрей Руденко, Мемлекеттік Думаның халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Леонид Слуцкий кірді. Украина тарапынан қорғаныс министрі Алексей Резников, президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михайло Подоляк, биліктегі «Халық қызметшісі» партиясының фракция жетекшісі Давид Арахамия, Украина делегациясы басшысының бірінші орынбасары Андрей Костин, депутат Рүстем Умеров және Сыртқы істер министрінің орынбасары Николай Точицкий қатысты. Тараптар арасындағы кездесуден нақты ақпарат берілген жоқ. Тек қана бүгінгі келіссөздің аяқталғаны айтылды. Сондай-ақ мәмілеге келу үшін тағы да жүздесу ұйымдастырылатыны хабарланды. Тағы оқи отырыңыз: Қазақстан Украина мен Ресей арасына келіссөз алаңын ұсынуға дайын