Елордада 21 шетелдік такси қызметімен заңсыз айналысқан

Елордада 21 шетелдік такси қызметімен заңсыз айналысқан

Елордада 21 шетелдік такси қызметімен заңсыз айналысқан
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда такси қызметімен заңсыз айналысқан шетелдіктер ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. 21 шетелдік азамат «Яндекс», «Uber» қосымшалары арқылы такси қызметімен заңсыз айналысқан. Олардың жолаушы тасымалдауға рұқсат беретін лицензиясы болмаған.
«Аталған шетелдіктерге ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 463-бабы бойынша, яғни «тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе тиісті хабарлама жіберместен кәсіпкерлікпен немесе өзге қызметпен айналысқаны» үшін 15 АЕК (45 945 теңге – ред) мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ сот іс материалдарын ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 517-бабын, яғни «шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды жұмысқа орналастыру заңнамасын бұзу» мәселесі бойынша қарады. Сот қаулылары негізінде 8 жүргізуші Қазақстан аумағынан шығарылды. Қалған 13 жүргізуші аталмыш бапты бұзғаны үшін 25 АЕК (76 575 теңге – ред) көлемінде айыппұл арқалады» деп жазылған департаменттің хабарламасында.
Олар жүргізіп келген автокөліктер коммуналдық айып тұрағына қойылды. Тағы оқи отырыңыз: «Маған тікелей хабарлаңыздар»: Тоқаев шетелдік инвесторлармен сөйлесті