Жапония Курил аралдарын қайтарамыз деп шықты

Жапония Курил аралдарын қайтарамыз деп шықты

Жапония Курил аралдарын қайтарамыз деп шықты
ашық дереккөзі
Жапонияның Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Курил аралдарына қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлады turkystan.kz. Осы елдің СІМ Еуропа департаментінің директоры Хидэки Уяма Ресей әскерінің Украинаға  шабуылын Кеңес Одағының Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Курил аралдарын басып алған жағдаймен байланыстырып, екі оқиғаның да халықаралық құқыққа қайшы келетінін айтты.
­- Кезінде біз Солтүстік аймақтардан (Жапония Курил аралдарының оңтүстік бөлігін осылай дейді ­­- ред.) айырылдық. Қазір Украинада да дәл осындай жағдай болып жатыр. Біздің көршілеріміз екі сөйлеп, алдап, бәрін тартып алғысы келеді, ­- деді ол.
Әзірше Ресей СІМ жапон дипломатының осы сөзіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.