Ақшаға лото ойнап, стақан соғыстырған әжелер елдің ашуына тиді (ВИДЕО)

Ақшаға лото ойнап, стақан соғыстырған әжелер елдің ашуына тиді (ВИДЕО)

Ақшаға лото ойнап, стақан соғыстырған әжелер елдің ашуына тиді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде әжелердің құмар ойнап, арақ ішіп отырған видеосы пайда болды деп хабарлады turkystan.kz. Бейнежазбадан бір топ әжелердің ақшаға лото ойнап, дастархан басында арақ ішіп отырған сәтін көруге болады. Әзірге видеодағы әжелердің кім екені және қай өңірде түсірілгені белгісіз. Қазақ әжелерінің бұл әрекетіне күйінген көпшілік түрлі пікір жазып жатыр.
«Іштері пысқан әжелер ау, ойындары жақсы сияқты», «Алпыста намаз оқу керек деп ойлаймын», «Апалар өздері казино ашып алған ба», «Азып тозған қазағым ай. Өзі осылай отырса, бала-шаға немере, келінге не айта алады? Ұят қайда ақ жаулықты аналар?» деп жазды олар.