«Жұмаққа түспейді»: украиндар шешендерді шошқаның майы жағылған оқпен атпақ (ВИДЕО)

«Жұмаққа түспейді»: украиндар шешендерді шошқаның майы жағылған оқпен атпақ (ВИДЕО)

«Жұмаққа түспейді»: украиндар шешендерді шошқаның майы жағылған оқпен атпақ (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Саясаттанушы Самат Нұртаза Facebook-тегі парақшасында украиндардың мұсылмандарды ату үшін оққа шошқаның майын жағып жатқан видеосын жариялады деп хабарлады turkustan.kz. Еске сала кетейік, Рамазан Қадыровтың он мыңнан астам әскері Украинаға соғысқа аттанған болатын.
«Украиндар автоматтың әр оғын шошқаның майына малып жатыр. «Мұсылмандар осы оқтан мерт болса, жұмаққа түспейді» дейді олар. Кезінде Израиль өз-өзін жарған Хамас/Хезболлах терроршылардың денелерін шошқаның терісіне орап жерлейтін. Палестиналықтар содан кейін барып тыйылған. Енді міне, украиндар да Қадыровтың жігіттерінің хор қыздар жолында бөгет болатын болды» деп жазды ол.