Киевке Зеленскийді өлтіру үшін Африкадан келе жатқан вагнершілер деген кімдер?

Киевке Зеленскийді өлтіру үшін Африкадан келе жатқан вагнершілер деген кімдер?

Киевке Зеленскийді өлтіру үшін Африкадан келе жатқан вагнершілер деген кімдер?
ашық дереккөзі
Ұлыбританияның The Times газеті Ресей басшылығы Украина Президенті Владимир Зеленскийді өлтіру үшін Киевке арнайы 400-ден астам «вагнершілерді» жібергенін жазды деп хабарлады turkystan.kz. Вагнершілер деп Ресей Президенті Владимир Путиннің сенімді серіктерінің бірі – олигарх Евгений Пригожин басқаратын «Вагнер тобы» атты жеке әскери компанияны айтады екен.
­­­- Олар бұдан 5 апта бұрын қомақты қаржылай бонусқа айырбас ретінде Зеленский өкіметін түгел өлтіру үшін Африкадан жалдамалыларды жіберді, – делінген хабарламада.
Сенбі күні қара құрлықтан кісі өлтірушілердің келе жатқаны туралы хабар тарады.  Бұл ақпарат бүгін ғана расталды. Ал Киевте қазір қаланы ресейлік диверсанттардан тазарту операциясы болып жатыр. Оларды қаладан тазарту үшін 36 сағаттық қатаң комендант сағаты жарияланды. Жергілікті билік бейбіт тұрғындарға комендант сағаты кезінде көшеге шықпауды, олай болмаған жағдайда Кремльдің тыңшылары ретінде қарастырылып, жойылып жіберілетіні ескертілді.