Nur Otan партиясының кезектен тыс Съезінде екі мәселе қаралады

Nur Otan партиясының кезектен тыс Съезінде екі мәселе қаралады

Nur Otan партиясының кезектен тыс Съезінде екі мәселе қаралады
ашық дереккөзі
Партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook-тегі парақшасында 1 наурызда өтетін партияның кезектен тыс XXII Съезінде қандай мәселелер қаралатынын жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Өздеріңіз білетіндей, ертең Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта Nur Otan-ның кезектен тыс XXII Съезі өтеді. Оның жұмысына еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысады. Бүгін партияның Саяси кеңесінің қаулысымен Съездің күн тәртібі бекітілді. Екі мәселе қаралады: 1. Партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу. 2. «Nur Otan» партиясының модернизациясы», - деп жазды ол.