Қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың отбасыларына 7 млн теңгеден беріледі

Қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың отбасыларына 7 млн теңгеден беріледі

Қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың отбасыларына 7 млн теңгеден беріледі
ашық дереккөзі
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан және ауыр жараланғандарға материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады деп жазды turkystan.kz.
«Қаза тапқан әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің, Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің, кездейсоқ қаза болған азаматтардың отбасына 7 миллион теңге материалдық көмек көрсетіледі. Ал ауыр жарақат алған әскери қызметшілерге, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне, сондай-ақ жараланған балалардың отбасыларына 3 миллион теңгеден бөлінеді», - делінген қор хабарламасында.
Сондай-ақ, қор жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған құқық қорғау органдары қызметкерлері мен кәмелетке толмаған балалары бар бейбіт тұрғындардың отбасыларына қосымша қайырымдылық көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
«Қазақстан халқына» қоры ресми дереккөздерден тізімдерді алуына байланысты қаңтар оқиғаларының кездейсоқ құрбаны (қаза болғандардың) болған отбасыларға қолдау көрсетуді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда Адам құқықтары жөніндегі уәкілден ақпарат алынды. Тергеудің аяқталуына қарай құқық қорғау органдары тізімдерді қорға ұсынады деп ойлаймыз», - деп мәлімдеді қор өкілдері.