Полиция Ресей елшілігінде ұсталған Маминді босатты
Бүгін астанада шынымен де Ресей елшілігінің жанында транспорант ұстап шыққан Мамин деген азамат ұсталған деп хабарлады turkystan.kz.
Алайда, бұл ақпараттың бұрынғы Премьер-министр Асқар Маминге ешқандай қатысы жоқ. Ұсталған жігіттің аты - Ярослав Мамин, студент екен. Жаңа белгілі болғандай, ол Ішкі істер басқармасынан босатылды.
Студент жігіт енді Ресей елшілігіне транспорант апармаймын, кешке дейін хат тапсырамын деп отыр.