«Әрине, ақылды»: Трамп Путинді америкалық көшбасшылармен салыстырды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путин Украинаға қатысты жағдайда өзін ақылды басшы ретінде көрсетті, ал Америка басшылығы өздерін ақымақ көрсеткенін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz ria.ru-ға сілтеме жасап.
«Мәселе Путиннің ақылды немесе ақылды еместігінде емес. Әрине, ол – ақылды. Нағыз мәселе – біздің көшбасшыларымыз ақымақ», – деді Трамп жақтастары алдында сөйлеген сөзінде.
Бұрынғы президенттің айтуынша, Путин АҚШ әскерлерінің Ауғанстаннан «өкінішті шығарылғанын» көрген соң Украинада арнайы операция жүргізу туралы шешім қабылдаған.