Еуропалық Одақ ресейлік ұшақтардың ұшуына тыйым салды

Еуропалық Одақ ресейлік ұшақтардың ұшуына тыйым салды

Еуропалық Одақ ресейлік ұшақтардың ұшуына тыйым салды
ашық дереккөзі
Еуропалық Одақ бүкіл аумағында Ресей ұшақтарының ұшуына тыйым салып, жаңа санкциялар пакетін енгізді деп жазды turkystan.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Еуропалық Одақ сыртқы істер министрі Жозеп Боррель Еуроодақ өз әуе кеңістігін ресейлік қозғалысқа жабатыны туралы мәлімдеме жасады. Германия, Испания және Франция да, Ұлыбритания, Солтүстік және Балтық елдері де бұл шешімге қосылып, Ресейдің әуе кеңістігін пайдалануына тыйым салды. Сарапшылардың пікірінше, бұл шешімнен кейін тасымалдаушылар Таяу Шығыстағы шиеленіс аймақтарынан қашып, рейстерді оңтүстікке бұруға мәжбүр болады.
«Ресей мен АҚШ-тың өзара әуе қатынасына тыйым салуы америкалық тасымалдаушылардың ұшу уақытын ұзартады және Азияға шығыс жағалаудағы маршруттарда экипажды өзгертуді талап етуі мүмкін», - деді R.W. Mann & Company, Inc. сарапшысы Роберт Манн.
АҚШ шенеуніктерінің айтуынша, Ақ үй де осыған ұқсас шектеулерді қарастырып жатыр. Бірақ әлі түпкілікті шешім қабылданбаған. АҚШ үкіметі өз азаматтарына Ресейден коммерциялық рейстермен кетуге кеңес берді. Сондай-ақ, Канада барлық ресейлік операторға өз әуе кеңістігін жапты. Елдің көлік министрі Омар Альхабраның айтуынша, енді қос мемлекет арасында тікелей рейстер қалған жоқ. Бірақ күніне бірнеше ресейлік рейс Канаданың әуе кеңістігі арқылы өтеді. Осылайша, бүгінгі таңда әлемнің 20 мемлекетінде ресейлік ұшақтардың ұшуына тыйым салды. Енді Ресей шектеулерге және Батыстың басқа да санкцияларына қарсы қосымша шаралар қабылдайды деп күтіледі. Өз кезегінде Кремль де Ұлыбритания, Болгария, Польша және Чехияға ел аумағынан ұшу бағыттарын жауып үлгерді. Ал ресейлік «Аэрофлот» әуекомпаниясы еуропалық бағыттар бойынша рейстерін тоқтатты.