Жаңалықтар

Қарағандыдағы базарда өрт шығып, үш дәмхана отқа оранды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Қарағандыдағы базарда өрт шығып, үш дәмхана отқа оранды (ВИДЕО)

Облыстық Төтенше жағдай жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі Қарағанды қаласындағы «Алтын-Арба» базарының аумағында өрт шыққанын хабарлады деп жазды turkystan.kz. 28 ақпанға қараған түні, сағат 01.03-те Затаевич көшесінің бойында орналасқан нысандардың бірінде өрт шыққан. Белгілі болғандай, базар аумағындағы үш фаст-фуд дәмханасын жалын шарпып, ағаш қаптама, жылытқыш, жиһаз, құрал-жабдықтарға зақым келген.