Бюджетке 32,1 млн теңге шығын әкелген майнинг ферма анықталды

Бюджетке 32,1 млн теңге шығын әкелген майнинг ферма анықталды

Бюджетке 32,1 млн теңге шығын әкелген майнинг ферма анықталды
ашық дереккөзі
Қостанай облысының орталығында заңсыз майнинг ферма табылды. Қаржылық мониторингі агенттігінің облыстық департаменті цифрлық майнингпен лицензиясыз айналысатын тұлғаларға электр энергиясын сату фактісі бойынша «EG» ЖШС қатысты қылмыстық іс қозғады деп жазды turkystan.kz. Сотқа дейінгі тергеу барысында серіктестік орналасқан аумақта 2021 жылғы қараша мен 2022 жылғы ақпан аралығында электр энергиясын тұтыну мөлшерінің күрт өскені анықталған.
«Жоғарыда көрсетілген кезеңде электр энергиясын сатып алуға жұмсалған болжамды сома 32 185 617 теңгені құрады (1 кВт/сағ үшін 32 теңге тарифі кезінде). Тексеріс жүргізу барысында осы аумақта цифрлық майнингпен айналысуға арналған жабдығы бар екі контейнер табылды. Тінту кезінде интернет желісінде пайдалану жолымен крипто валютасын өндіруге арналған 180 дана «Whatsminer M20S» және «Avalon Miner 1166Pro-81T» арнайы жабдығы табылды», –  делінген Қаржылық мониторингі агенттігінің хабарламасында.
Мамандандырылған техникасы бар контейнерлерді жалға берген кәсіпорындар анықталды. Олардың құрылтайшылары басқа өңірлердің (30%) және шет ел (70%) азаматтары.