Жерлеу рәсімі кезінде шабуыл жасалып, 20-ға жуық адам қаза тапты

Жерлеу рәсімі кезінде шабуыл жасалып, 20-ға жуық адам қаза тапты

Жерлеу рәсімі кезінде шабуыл жасалып, 20-ға жуық адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Өткен жексенбіде Мексиканың Мичоакан штатында жерлеу рәсіміне қатысушыларға қарулы шабуыл жасалды деп жазды turkystan.kz Noticias MVS радиостанциясына сілтеме жасап. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқ жаудырған белгісіз қылмыскерлердің қолынан 17 адам қаза тапқан. Noticias MVS радиостанцияның хабарлауынша, қырғын болған Маркос Кастелланос муниципалитетінде қазіргі уақытта «Жалисконың жаңа ұрпағы», «Жаңа Мичоакан отбасы» және «Темплиер орденінің рыцарлары» атты есірткі картельдерінің қарулы топтары бар. Билік қырғынға қатысы болуы мүмкін күдіктілерді іздестіруде. Бұдан бұрын MILENIO газеті Мексиканың бірнеше аймағында биліктің қылмыспен күресу әрекеттері нәтиже бермегенін жазған болатын. Агенттіктің бағалауы бойынша, 2021 жылдың 13 тамызынан 2022 жылдың 16 ақпанына дейін кісі өлтіру деңгейі Сакатекас штатында - 10, Мичокан штатында 9 және Мексика штатында 5 пайызға өскен.