«Осы күнге жетудің өзі - үлкен жеңіс!»: Жанқош Тұраров рингте жеңілген Қанат Исламды қолдады

«Осы күнге жетудің өзі - үлкен жеңіс!»: Жанқош Тұраров рингте жеңілген Қанат Исламды қолдады

«Осы күнге жетудің өзі - үлкен жеңіс!»: Жанқош Тұраров рингте жеңілген Қанат Исламды қолдады
ашық дереккөзі
Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (25-0, 18 КО) Instagram желісіндегі парақшасында спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тапқан досы әрі әріптесі Қанат Исламды (28-1, 22 КО) қолдаған жазба қалдырды деп жазды turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
«Кешегі Қанат бауырымның кезекті кездесуінде екі тараптың да мықтылығын көрдік. Жекпе-жектің соңына дейін тақымымызды қысып, үлкен үмітпен отырдық. Қанекең екеуміз Маями қаласында 3 жыл бірге тұрып, бір нанды талай бөлістік. Еңбекқорлығы мен адамгершілігімен ерекшеленетін бауыр ағама еш мойыма дегім келеді. Бұл – үлкен спорт! Жеңіс бар жерде жеңілістің де болары заңдылық. Әлемге танымал ұлы боксшыларымыздың да тарихында жеңілістің ащы дәмін сезген. Осы күнге жетудің өзі - үлкен жеңіс! Мұхит асып, денсаулықты тәуекелге тігіп, ел намысын қорғаудың артында қанша тер мен күштің жұмсалатынын жақсы түсінеміз. Қанеке бауырым, жеңісті күндерің әлі де алда. Еш мойымай, алдағы жекпе-жекте одан ары қайратты болып оралатыныңа сенімдіміз! Елің сенімен әрдайым мақтанады» деп жазды боксшы.
Еске сала кетсек, 26 ақпанда Қанат Ислам (28-0, 22 КО) орта салмақтағы WBO Global белбеуі үшін айқасын өткізген болатын. Бұл айқаста ол ұлыбританиялық Джимми Келлимен (25-2, 10 КО) қолғап түйістірді. Он раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті британиялыққа берді.