Қауіп кезінде тышқандар мен бақаны құтқарған жылан жұртшылықты таң қалдырды

Қауіп кезінде тышқандар мен бақаны құтқарған жылан жұртшылықты таң қалдырды

Қауіп кезінде тышқандар мен бақаны құтқарған жылан жұртшылықты таң қалдырды
ашық дереккөзі
Жақында нөсер жауын жауған австрияның Квинсленд қаласында ерекше жағдай болды. Жылан қиын сәтте күнделікті азығы болып жүрген тіршілік иелеріне көмекке келді деп жазды turkystan.kz Daily Mail-ге сілтеме жасап. Тасқын кезінде жылан, екі тышқан, бақа және қоңыз су толы резервуарда қалып қойған. Өлім аузынан аман қалу үшін олар қас жауы жыланның арқасына мінуге мәжбүр болған. Желі қолданушыларының көпшілігі жыланның өзінің диетасына кіретін «қонақтарды» ренжітпегеніне таң қалды.
«Қиын кезде австралиялықтар бір-біріне көмек қолын созады», «Бұл – мен көрген ең австралиялық нәрсе», «Жыланға деген ризашылығым зор», «Жыланның жайшылықта асап жейтін тышқандарды құтқаруын қарашы!» деп жазды олар.
Оқиға орнына келген төтенше жағдай қызметкерлері суда «апатқа ұшыраған» барлық тіршілік иелерін құтқарды.