Соғыс қимылдары кезінде әлемдегі ең ірі жүк ұшағы жойылды
Украина қорғаныс өнеркәсібінің ресми сайтында қақтығыстар кезінде әлемдегі ең ірі жүк ұшақ саналатын Ан-225 «Мрияның» жойылғаны туралы хабарлама пайда болды деп жазды turkystan.kz.
«Мрия» Гостомель әуежайында жөнделіп жатқан болатын. Сондықтан уақтында қауіпті аймақтан ұшып кете алмаған. Сөйтіп, ұрыс кезінде жойылған.
Сондай-ақ әлемдегі ең ірі жүк әуе кемесін жөндеу 3 миллиард долларға жетуі мүмкін. Украина тарапы бұл шығындарды Ресейдің өз мойнына алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын мәлімдеді.
Айта кетсек, 6 орындық ұшақтың ұзындығы – 84 метр, салмағы 285 тонна, құны – 250 миллион АҚШ доллары.