«Ауыл жастары мамандық алу үшін оқу орындарын қолдауымыз керек» – Қошанов

«Ауыл жастары мамандық алу үшін оқу орындарын қолдауымыз керек» – Қошанов

«Ауыл жастары мамандық алу үшін оқу орындарын қолдауымыз керек» – Қошанов
ашық дереккөзі
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына барып, өңірдегі бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты. Сайлаушылармен кездесуге облыс әкімі Ермек Маржықпаев та қатысты деп жазды turkystan.kz. Ерлан Қошанов сапарын Шортанды ауданындағы Бозайғыр ауылында орналасқан колледж-мектеп-интернатынан бастады. Мұнда ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, дәнекерлеу, қоғамдық тамақтандыру бойынша және ақпараттық технология саласына мамандар даярлайды. 445 орынға арналған мекемеде бүгінде 148 адам білім алуда. Мәжіліс Спикері колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, профессор-оқытушылар құрамымен, студенттермен және жергілікті тұрғындармен әңгімелесіп, түйткілді мәселелерді тыңдап, оны шешу жолдарын талқылады.  width= Әңгіме барысында Мәжіліс төрағасы еліміздегі бүгінгі ахуалға тоқталды.
«Қасіретті қаңтар» оқиғасы кезінде жастарымызды арандатушылар өз мүдделеріне пайдаланып кетті. Алдағы уақытта осындай келеңсіздіктерге жол бермеу үшін жастарға жұмыс беріп, оларды өнімді еңбекпен қамтамасыз етуіміз қажет. Жастардың болашаққа аяғын нық басуы үшін олар мамандық иесі атанулары керек. Сондықтан біз республика бойынша осы саладағы орта арнаулы білімді дамытуға жағдай жасап жатырмыз. Шынында да қаңтар оқиғасында Президенттің батыл шешімдері болмаса, біз бүгін болашақтың мәселесін талқылап тұрмайтын едік», - деді Ерлан Қошанов.
Жиын барысында белгілі болғандай, облыс әкімдігі аталмыш колледжді жаңғырту мақсатында қаржы бөлу туралы шешім қабылдаған. Депутаттар бұл жұмысты бақылауға алып, орта арнаулы оқу орындарына академиялық дербестік беретін заң жобасы бойынша жұмысты да жеделдетпек. Бұл олардың сұранысқа ие мамандықтар бойынша мамандар даярлауға мүмкіндік береді.  width= Бұдан кейін Мәжіліс төрағасы облыс орталығы мен жақын маңдағы елді мекендерді жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған Степногорск қаласының жылу электр орталығында болды. Кәсіпорын қызметкерлері өз жұмыстары мен келешегі туралы айтып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінің жай-күйіне ерекше назар аударды. Ерлан Қошанов Степногорск қаласы тұрғындарының мәселелерінен және магистральдық желілердің тозығы жеткенінен хабардар екенін атап өтті. Осы орайда облыс, қала басшылығына қажетті құжаттаманы дайындап, бюджеттік өтінім жолдауды ұсынды. Кездесу барысында қоғамда кеңінен талқыланып жатқан көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару функцияларын меншік иелері қауымдастығына беру мәселесі қозғалды. Ерлан Қошанов тұрғындарға қызмет көрсету шығыны мол көпқабатты шағын үйлерді басқару бойынша өз ұсыныстарын Мәжіліске енгізуді ұсынды. Мәжіліс төрағасы жұмыс сапары аясында Бөгенбай батыр атындағы облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің ұстаздары және оқушыларымен де кездесті. Әңгімелесу барысында Мәжіліс спикері спорт мектебінің тәрбиеленушілері әр жылдары бір емес, бірнеше рет Қазақстанның намысын халықаралық деңгейде лайықты қорғағанын атап өтті. Сонымен қатар Ерлан Қошанов мектеп-интернатта туындаған жанжалды жағдайдан, оған мемлекет басшысы назар аударып, пікір білдіргенінен хабардар екенін айтты. Мәжіліс төрағасы оқушылар арасында тәрбие жұмысын күшейтуді тапсырды.  width= Мәжіліс төрағасы белгіленген тапсырманы жоғары деңгейде орындап отырған «Қазақстанның жылыжай технологиялары» кәсіпорнының ұжымымен бірге агроөнеркәсіп кешенін және жалпы өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін талқылады. Бұл ретте Мәжіліс спикері тұрғындар үшін қолжетімді баға мен өсірілетін өнімнің жоғары сапасын сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Сондықтан компанияның одан әрі дамуы маңызды екенін айтқан Палата төрағасы бүгінде мемлекет шаруаларымызға барынша қолдау көрсетуге тырысып, қазірдің өзінде түрлі қолдау құралдары енгізілгеніне назар аударды. Мәжіліс Төрағасы облыстағы медицина қызметкерлерінің түйткілді мәселелері мен ұсыныстарын тыңдап, «Виамедис» ЖШС филиалында дәрігерлермен кездесті. Халықты сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етуде мемлекет пен бизнестің ынтымақтастығының тиімділігіне тоқталған Ерлан Қошанов мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануды ұсынды. Бизнес міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру және басқа да мемлекеттік тапсырыс құралдарының мүмкіндіктері арқылы медициналық мекемелерді салады және кадрларды тартады, мемлекет қаржыландырады.  width= Кездесу соңында Ақмола облысының тұрғындары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік берген «Қасіретті қаңтар» оқиғасы кезіндегі батыл әрекеттері үшін қолдап, алғыстарын жолдады.