«Генералдың көзі жойылды»: шешен әскерлері Киевте жеңіліс тапты - БАҚ

«Генералдың көзі жойылды»: шешен әскерлері Киевте жеңіліс тапты - БАҚ

«Генералдың көзі жойылды»: шешен әскерлері Киевте жеңіліс тапты - БАҚ
ашық дереккөзі
Украина Қарулы күштері Гостомель маңында ресейлік арнайы күштердің колоннасын талқандады. Олардың «қадыровшылар» екені белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz «24TV» телеарнасына сілтеме жасап. Телеарна мәліметінше, Қадыров гвардиясының 141-мотоатқыштар полкінің бастығы Магомед Тушаевтың көзі жойылды. Гостомель маңында (Киев облысы) «қадыровшылармен» шайқас кезінде Украина қарулы күштері шешен әскерилеріне ауыр соққы жасаған. Жоғарғы Раданың халық депутаты Алексей Гончаренко Facebook-тегі парақшасында Украина әскерінің Гостомельдегі бөлімшелері «қадыровшылар» тұтқынын тізе бүктіргенін жазды. Дереккөздер қақтығыс кезінде Украина әскері бөлімшелері Шешенстан Ұлттық гвардиясының 141-мотоатқыштар полкінің бастығы шешен генералы Магомед Тушаевты жойғанын хабарлады. Бұл Қадыровтың элиталық бөлімшелерінің бірі. «Қадыровшылар» полкінің талқандалуы және Магомед Тушаевтың қайтыс болғаны туралы ақпаратты өзінің Telegram-арнасында Киевті қорғауға қатысатын украин ұлтшылдарының жетекшісі Евгений Карась растады. Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Украина Қарулы күштерінің артиллериясы шешен полкін жойды. Қаза тапқан шешен жалдамалыларының мәйіттері Гостомель маңынан табылды.