«Батыс елдері Ресейді SWIFT-тен ажыратуға келісті» - Украина СІМ
«Батыс елдері Ресейді SWIFT-тен ажыратуға келісті» - Украина СІМ
Батыс елдері Ресейді жаһандық SWIFT төлем жүйесінен ажырату туралы келісімге келді және осы санкцияны енгізуге дайындықты бастады. Бұл туралы Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Facebook-тегі парақшасында айтты деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Ресми шешім әлі рәсімделмеген, бірақ шешім қабылдауға және осы санкцияны енгізуге техникалық дайындық басталды» деп жазды Кулеба.
Ол мыңдаған адамға, оның ішінде, осы шешімді қабылдау үшін үкіметтеріне қысым жасап жатқан украиналық диаспораға алғыс айтты.
«Бұл жеңісті украиналық дипломаттар Украинаны қорғаушыларға арнайды», - деді Кулеба.
Сенбіде Еуроаймақ елдерінің бірінің орталық банкінің басшысы аноним түрде Reuters агенттігіне Ресейді SWIFT-тен ажырату туралы шешім бірнеше күн ішінде қабылданатынын айтты.