Қанат Ислам жеңіліп қалды
Қанат Ислам жеңіліп қалды
Бүгін, 26 ақпанда Қанат Ислам (28-0, 22 КО) орта салмақтағы WBO Global белбеуі үшін айқасын өткізді деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жекпе-жек АҚШ-тың Плант-Ситидегі бокс кешінде өтті. Ал қазақ боксшының қарсыласы британдық Джимми Келли (25-2, 10 КО) болды. Он раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті британдыққа берді.
Айта кетсек, бұл - Қанат Исламның карьерасындағы алғашқы жеңілісі.