Павлодарда полицей қызметтік көлігімен бір әйелді қағып кетті
Малайсары батыр мен Всеволод Иванов көшелерінің қиылысында полиция көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл ретте 37 жастағы жүргізуші полицей «Нива» қызметтік автокөлігімен 1967 жылғы жаяу жүргіншіні қаққан.
«Оң аяғының шығып кетуі» травматикалық диагнозымен жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды», – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Жол-көлік оқиғасы фактісіне сәйкес, ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу басталды.
25 ақпанда полиция қызметкерінің тәртібі ПД Тәртіптік комиссиясында қаралды. Ол теріс қылықтарына байланысты ішкі істер органдарынан шығарылды. Бірқатар басшылар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Тағы оқи отырыңыз: «Одан полиция да қорқады»: кәсіпкер әйел көпбалалы ананың жәрдемақысын 8 жыл алып келген