Ақын Светқали Нұржан өзін теріс діни ағымда деп ойлап жүргендерге жауап қатты

Ақын Светқали Нұржан өзін теріс діни ағымда деп ойлап жүргендерге жауап қатты

Ақын Светқали Нұржан өзін теріс діни ағымда деп ойлап жүргендерге жауап қатты
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желілерде зікір салып жатқан бір топ адамның бірнеше жылдар бұрын түсірілген видеосы тарады деп хабарлады turkystan.kz. Бейнежазбадан көпке белгілі ақын Светқали Нұржанды да көруге болады. Осыған байланысты кейбір әлеуметтік желі қолданушылары ақынның бұл қылығын түсінбей жатыр. Олардың арасында Светқали ақынды адасқан деп атағандар да болды.
«Мен Қожа Ахмет Иассауидің жолындағы кісімін! Ал ол ұлық адасқан болса, мен де адасқанмын! Қожа Ахмет Иассауидің жолы «ағым» емес, ол - Алла-Тағаланың ақиқат жолы! ...Одан қате іздесеңіз, алдыңыздан жарылқасын! Ол жолдан ешкім «кір» іздеп таба алмаған, сіз де таба алмайсыз. Ал «зікір» ғибадаты - Алланы пәктеу, яки әкбар амалға жатады, қашаннан бабаларымыз салып келген. Басқа сөз тәмам!» деп жазды ақын түрлі сөздің жетегінде жүрген пікір иелеріне қарата.
Сондай-ақ ол Иассауи бабаның хикметтерін оқу арқылы ұлық құлшылық (зікір түрлері) туралы мол мағұлмат алуға болатынын айтты. Тағы оқи отырыңыз: Теріс діни ағымды ұстанушылар жасырын майнинг фермасын ашқан