Тәліптер Ресей мен Украинаны бейбітшілікке шақырды

Тәліптер Ресей мен Украинаны бейбітшілікке шақырды

Тәліптер Ресей мен Украинаны бейбітшілікке шақырды
ашық дереккөзі
Ауған билігі Украинадағы қақтығыс тараптарын келіссөздер үстелінде бас қосуға шақырады, деп хабарлады turkystan.kz lenta.ru-ға сілтеме жасап. Бұл туралы «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) Үкіметі жанындағы Ауған сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Абдул Кахар Балхи Twitter желісінде жазды. Талибан Ресейдің арнайы операциясы өтіп жатқан Донбастағы жағдайды мұқият қадағалап отырғанын атап өтті. Олар бейбіт тұрғындардың құрбан болуына алаңдаушылық білдіріп, тараптарды қарқынды әскери әрекеттерден аулақ болуға шақырды. Сонымен қатар, тәліп тарапы Украинадағы ауған студенттері мен мигранттарын құтқаруға ниетті.