Әскери бөлімдерде әлімжеттік жойылмай тұр (ВИДЕО)

Әскери бөлімдерде әлімжеттік жойылмай тұр (ВИДЕО)

Әскери бөлімдерде әлімжеттік жойылмай тұр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қарулы күштер өкілдері мұны жасырмайды деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Олар әрбір оқиға бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылатынын айтты. Көктемде Қарулы Күштердің, ҰҚК Шекара қызметінің және Ұлттық ұланның қатары тағы 17 мың сарбазбен толығады. Жастарды әскери борышын өтеуге ынталандыру үшін жеңілдіктер енгізілмек.
«Бұрын жеңілдіктер болған. Әскери қызметін өтегендердің отбасына коммуналдық шығынның 50 пайызы төленетін. Қазір білім беру, коммуналдық төлем, сыйақы беру секілді ұсыныстарымызды тиісті министрліктермен келісудеміз. Тәртіпке келсек, әскери қызметшілер арасында әлімжеттік жағдайлар болып жатыр. Гарнизондарда бақылауды жүзеге асыратын әскери полиция жұмыс істейді», - деді  ҚР Қарулы Күштері бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов.
Тағы оқи отырыңыз: «Аллаhy Акбар!»: шешендер Украинаға қарсы соғысқа әскерін жасақтап жатыр (ВИДЕО)