«Талибан» Ресей мен Украинаны жанжалды бейбіт жолмен шешуге шақырды

«Талибан» Ресей мен Украинаны жанжалды бейбіт жолмен шешуге шақырды

«Талибан» Ресей мен Украинаны жанжалды бейбіт жолмен шешуге шақырды
ашық дереккөзі
Ауғанстандағы «Талибан» (террористік деп танылған және Қазақстанда тыйым салынған) Ресей мен Украинаны ортақ диалогты бастап, қақтығысты бейбіт жолмен шешуге шақырды деп жазды turkystan.kz. Бұл туралы Twitter-де Ауғанстан Ислам Әмірлігінің СІМ өкілі Абдул Каххар Балхи мәлімдеді. Оның айтуынша, Украинадағы бейбіт тұрғындар арасындағы құрбандар санының артуы қиын жағдайды мұқият қадағалап отырған Ауғанстан Ислам әмірлігінің алаңдаушылығын тудыруда.
«Біз екі тарапты да ұстамдылық танытады деп үміттенеміз. Барлық тараптар зорлық-зомбылықтың өршуіне әкелуі мүмкін қадамдардан бас тартуы керек. Ауғанстан Ислам әмірлігі өзінің сыртқы бейтараптық саясатына сәйкес, қақтығыстың екі тарапын да дағдарысты диалог пен бейбіт жолмен шешуге шақырады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Абдул Каххар Балхи Украинадағы ауған студенттері мен мигранттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін көтерді.