Бүгін «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен 28 ақпанда Саяси кеңестің отырысын өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов өзінің Facebook-тегі парақшасына жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Онда партияның кезектен тыс XXII Съезінің күн тәртібі бекітіледі. Сондай-ақ Саяси кеңес Бюросының қаулысымен «Nur Otan» партиясынан Парламент Мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Саясат Нұрбекке беру туралы шешім қабылданды», - деді Асхат Оралов.Тиісті шешім Орталық сайлау комиссиясына жіберілді.