Жүзден астам отбасына партия тарапынан әлеуметтік көмек көрсетілді

Жүзден астам отбасына партия тарапынан әлеуметтік көмек көрсетілді

Жүзден астам отбасына партия тарапынан әлеуметтік көмек көрсетілді
ашық дереккөзі
Nur Otan партиясының өңірлердегі филиалдарында өткен қоғамдық қабылдауларға ондаған жағдайлары төмен тұрғындар келді. Олар партия өкілдерінен азық-түлік және етпен көмек көрсетуді сұрады. Барлық өтініштерді тыңдаған партияның Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Алматы, Атырау облыстарының және Алматы, Шымкент қалалары филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары мәслихат депутаттарымен бірлесіп, мұқтаж жандарға қолұшын созды. Бұл қайырымдылық науқанға жергілікті демеушілер мен алақаны ашық азаматтар тартылды. Сөйтіп, «Халыққа көмек» жобасы аясында 100-ден астам отбасына 1,5 миллион теңгенің азық-түлік себеттері мен сойылған малдың еті таратылды. Мұндай қолдауға риза болған тұрғындар өз тараптарынан шексіз алғыстарын білдірді.