Жаңалықтар

Мысырдан табылған ежелгі қала

ашық дереккөзі

Мысырдан табылған ежелгі қала

Мысырда 7 мың жылдан астам тарихы бар ежелгі қала табылды. Бұл туралы ВВС агенттігіне сілтеме жасай отырып Қазақпарат хабарлайды.

Мысыр археологтары анықтаған қазба орнынан ғимараттар, түрлі құрал-саймандар мен мазарлар табылыпты. Табылған мазарлардың көлемі онда жерленген адамдардың жоғары әлеуметтік таптан шыққанын айғақтайтындығын айтады мамандар. Мамандардың қазіргі болжамы бойынша, бұл қалада жоғары лауазымды шенеуніктер мен мазар тұрғызушылар мекендеген болуы мүмкін.

Ал ежелгі қаланың өзі Ніл өзенінің жағасында, Абидостағы Сети І перғауын храмының маңында орналасқан. Ғалымдар Мысыр археологтары тапқан көне қаланың біздің заманымызға дейінгі 5316 жылға тиесілі екендігін айтып отыр. Өте көне қала орнының табылуы мысырдың туристік әлеуетін қайта жандандырып, мұнда келетін саяхатшылардың қатарын арттыруы әбден мүмкін. Қазіргі уақытта сарапшы мамандар осыған үміттенуде.