Партияның арқасында тозығы жеткен ауыл көшесі жөнделді

Партияның арқасында тозығы жеткен ауыл көшесі жөнделді

Партияның арқасында тозығы жеткен ауыл көшесі жөнделді
ашық дереккөзі
Алматы облысындағы Nur Otan партиясы Панфилов аудандық филиалының көмегіне Көктал ауылының тұрғындары жүгінді. Құрманғазы көшесінің бойында тұратын азаматтар жол төсемінің тозығы жеткенін айтып шағымданды. Партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Досмайылов бұл мәселені «Көктал» БПҰ төрағасы әрі округ әкімі Б.Нуреловке назарға алуды тапсырды. Нәтижесінде «Халыққа көмек» жобасы аясында аталмыш мәселе оң шешімін тапты. Жергілікті бюджеттен бөлінген 27 млн 82 мың теңгеге Құрманғазы көшесінің 800 метрі асфальтталды. Сондай-ақ жол жиегіне жаяу жүргінші жолы салынды. Ауыл тұрғындары мәселені шешуге атсалысқан аудандық партия өкілдері мен округ әкіміне ризашылықтарын жеткізді.