Украинадағы Қазақстан азаматтары үшін рейстердің уақыты белгіленді

Украинадағы Қазақстан азаматтары үшін рейстердің уақыты белгіленді

Украинадағы Қазақстан азаматтары үшін рейстердің уақыты белгіленді
ашық дереккөзі
25-26 ақпан күндері Air Astana әуе компаниясы Қазақстанның азаматтары үшін репатриация рейсін жүргізеді деп хабарлады turkystan.kz. Бұл рейс Польшаның Катовице қаласынан басталады. Оған дейін Қазақстан азаматтары үшін Украина-Польша шекарасынан әуежайға дейін визасыз «жасыл дәліз» қамтамасыз етіледі.
«Азаматтардан мүмкіндігінше ертең Львов қаласындағы Замкнена көшесінде 3/1 үйде орналасқан Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығына келулерін сұраймыз. Тел. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19. Қосымша ақпарат алу үшін Air Astana өкілдеріне мына телефон нөмірлері арқылы хабарласыңыз: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49», – делінген хабарламада.