Шайырлықтардың мал азығы мәселесі шешімін тапты

Шайырлықтардың мал азығы мәселесі шешімін тапты

Шайырлықтардың мал азығы мәселесі шешімін тапты
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысындағы Nur Otan партиясы аудандық филиалында өткен қоғамдық қабылдауға Шайыр ауылының тұрғындары келді. Олар былтырғы қуаңшылық кезінде жинаған мал азығының таусылғанын айтып, жем-шөп мәселесін шешіп беруді өтінді. Белгілі болғандай, Шайыр ауылындағы біраз тұрғындардың қыс аяқталмай жатып малға берер шөптері бітіп қалған. Қазір ауданда мал азығын арзан бағамен жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоғарыдағы мәселелерді шешу үшін Жыңғылды ауылындағы Байжігітов Ықыластың жеке кәсіпкерлігінің шөп сақтау қоймасынан 155 орама шөп Шайыр ауылының 64 тұрғынына жеткізілді. Бір орама шөптің бағасы – 10 мың теңге. Айта кетсек, өңірдегі қуаңшылыққа байланысты Маңғыстау облысының əкімі Нұрлан Ноғаевтың бастамасымен тұрғындарды жеңілдетілген бағадағы жеммен қамтамасыз ету мүмкіндігі жасалған болатын. Нәтижесінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қаржылай қолдауымен және «Казимпэкс-Ақтау» қоры арқылы қысқы мал азығын жеңілдетілген бағамен сату жүзеге асырылып келген. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта Тиген және Тасмұрын елді мекендерінде де жалғасын табады.  width=