Астананың тағдыры шешілер күн алыс емес

Астананың тағдыры шешілер күн алыс емес

Астананың тағдыры шешілер күн алыс емес
ашық дереккөзі
Жыл соңына дейін Астана атауы өзгертілуі мүмкін.
Парламент Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев елорда атауын өзгерту туралы шешімнің жылдың соңына дейін қабылдану керек екенін айтты. "Меніңше, бұл ұсыныс осы ай бойы, яғни Тәуелсіздіктің 25 жылдығына дайындық және тойлау кезінде талқыланады. Себебі мұны жылдар бойы талқылаудың қажеті жоқ. Ұсыныс айтылды, халық талқылайды. Мен бұл мәселені шешуге бір ай жетеді деп санаймын. Мүмкін, жылдың соңына дейін біз елордаға жаңа атау беретін боламыз. Барлығы талқылаудың қалай өтетініне және халықтың не айтатынына байланысты болып тұр. Парламенттегілерге тек қазақстандықтардың қабылдаған шешімін жазып қою керек болады", - деді Павел Казанцев. "Қазақстан Республикасы деп аталатын мемлекеттің құрылымы заманауи демократиялық форматтар мен формалар  бойынша құрылған. Президент кез келген заңға тыйым салуға құқылы. Яғни, заңды бірінші Парламент қабылдайды, сосын Мәжілістегілер, ал сосын барып Сенаттағылар қабылдап, Президент оған қол қояды. Президент заңға қол қойып, оны тағы да толықтыру үшін қайтарып, заңға тыйым салуы да мүмкін. Бұл демократиялық процесс. Мұның қалай болатынын уақыт көрсетеді. Қазір Парламенттегілер халыққа өздерінің идеологиялық, саяси көзқарасын айтып отыр", - деді депутат. Сонымен қатар, Парламент Мәжілісінің депутаты әзірше елорда атауын өзгертуге қатысты нақты ұсыныстардың жоқ екенін айтты. "Ойлануға тұрарлық ұсыныстар бар. Бұл мәселені тек Ақорда мен Парламенттегілер емес, халық алдында талқыға салынатынына сенімдімін. Қазір қоғам күштерінің қатысуымен негізгі заңнамалар талқыланып жатыр", - деді Павел Казанцев. Еске сала кетейік, осыған дейін Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов Астана қаласының атауын  Елбасының есімімен байланыстыруды ұсынған болатын.