«Тұрмысы төмен отбасы мәселелерін үнсіз қалдыруға болмайды» – Л.Рамазанова

«Тұрмысы төмен отбасы мәселелерін үнсіз қалдыруға болмайды» – Л.Рамазанова

«Тұрмысы төмен отбасы мәселелерін үнсіз қалдыруға болмайды» – Л.Рамазанова
ашық дереккөзі
Қазақстанның әрбір ауданында қиын өмірлік жағдайға тап болған және мұқтаж адамдарға көмек көрсететін отбасын қолдау орталықтары пайда болады. Бұл туралы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова мәлімдеді деп жазды turkystan.kz. Алматы облысының жұртшылығымен кездесу барысында Ләззат Рамазанова жүргізіліп жатқан саяси реформалар аясында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға жүйелі көмек көрсету мәселелері ерекше маңызға ие болып отырғанын атап өтті. Осы мәселелерді шешу үшін еліміздің әр ауданында Отбасын қолдау орталығы құрылады. Олардың жұмысы қазір Қазақстанның барлық аймақтарында ашылып жатқан Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталықтарымен үйлестірілмек.
«Тұрмысы төмен отбасы мәселелерін үнсіз қалдыруға болмайды. Қазір облыстан бастап аудандық деңгейге дейінгі барлық мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ-ның, жұртшылықтың тартылуы, принципшілдігі және кәсібилігі аса қажет. Біз тек тыңдайтын ғана емес, әрекет ететін мемлекет болуымыз қажет. Тек өңірлік бастамалар мен сұраулар «дәрежесі» ғана Қазақстанның отбасылық және гендерлік саясаты тұжырымдамасында белгіленген реформаларды тиімді іске асыруға көмектеседі. Біздің мақсатымыз – мықты отбасылар, бақытты балалар мен ата-аналар», - деді Ләззат Рамазанова.
Cапар барысында ұлттық комиссия басшысы әлеуметтік жобаларды іске асыратын ҮЕҰ – тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» орталығы және «Зере» әлеуметтік даму орталығы өкілдерімен кездесті.