Air Astana компаниясының басшысы Киевтен шыға алмай қалды

Air Astana компаниясының басшысы Киевтен шыға алмай қалды

Air Astana компаниясының басшысы Киевтен шыға алмай қалды
ашық дереккөзі
Қазақстандықтарды эвакуациялауға қатысу үшін Украинаға барған Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостер ел аумағында қалып қойды. Бұл туралы оның әйелі Татьяна Фостер хабарлады деп жазды turkystan.kz. Татьяна Фостер Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында күйеуінің Украинаға ұшатынын білмегенін, Питер Фостерді Ақтауға іссапармен кетті деп ойлағанын жазды.
«Бүгін таңертең Петр маған қоңырау шалып, қарлыққан дауыспен Киевте екенін, бұл ақпаратты менен жасыруға мәжбүр болғанын айтты. Ол қазақстандық азаматтарды барлық мүмкін тәсілмен эвакуациялауға жауапты екенін жеткізді» деп жазды Татьяна Фостер.
Питер Фостер таңғы сағат 5.00-де Киевті бомбалау басталған кезде Украиндағы Қазақстан елшілігінде болған. Барлық әуежайдың жабылуына байланысты Қазақстан азаматтарын Польшадағы Катовица қаласынан ұшаққа отырғызу туралы шешім қабылданады. Бірақ кейін эвакуация штабын біршама қауіпсіз Львов қаласында ұйымдастыру туралы шешім қабылданады.
«Күйеуім қайта қоңырау шалды. Киевтен Львовқа жету үшін 3 сағат жол жүргенін айтты. Олар жолды қысқартамыз деп айналма жолға түскен. Бірақ олардың алдынан Киевке бара жатқан ресейлік танктер мен бронетранспортерлер легі шыққан. Бұл жағдай Киевтен 20 шақырым жерде болған. Питер Киевке оралу бойынша шешім қабылдады. Бүгінде ол Қазақстан елшілігінің жертөлесінде отыр» деп жазды Татьяна Фостер.