Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселесі талқыланды

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселесі талқыланды

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселесі талқыланды
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI съезі қарсаңында Парламент Мәжілісінің депутаты З. Камасованың қатысуымен саяси ұйымның ШҚО филиалы жанындағы жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша өңірлік Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші, «Nur Otan» партиясы ШҚО филиалы жанындағы жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің 2022 жылға арналған жұмыс жоспары. Екінші, партияның сайлауалды бағдарламасының 2021 жылғы өңірлік Жол картасының индикаторларын іске асыру туралы. Үшінші, мүмкіндігі шектеулі  балалар мен ересек адамдарға кешенді көмек көрсету мәселелері талқыланды.
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын енгізу мақсатында өңірде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 15 мекемеде 2,5 мың қызметкер жұмыс істейді, бұдан басқа Алтай ауданының Грехово кентінде оңалту орталығы және Выдриха ауылында «Уба» санаториі бар»,– дейді ШҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Мусинова.
2021 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес сектор 264,3 млн теңгенің арнайы әлеуметтік қызметтерін көрсетті. 2022 жылы жартылай стационар және үйде күтім көрсету қызметіне 1148 адам мұқтаж болса, іс жүзінде онымен 1004 адам қамтылған. Бұл шараға 338,6 млн теңге жұмсалды. Оның ішінде жартылай стационар жағдайында 179,3 млн теңге сомасына 291 адам ем-дом алды.