«350 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған гидроқондырғы істен шықты» – Мәжіліс депутаты

«350 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған гидроқондырғы істен шықты» – Мәжіліс депутаты

«350 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған гидроқондырғы істен шықты» – Мәжіліс депутаты
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаты Мейрамбек Төлепберген Жамбыл облысының Мойынқұм ауданына іссапар кезінде сапасыз салынған Шу өзені суын реттейтін Радай өзегі гидроқондырғысының істен шыққанын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Айдынды, ағысы қатты Шу өзені суын реттегіш Радай өзегінің гидроқондырғысы 2014 жылы салынған болатын. Алты ауылдың жайылымы мен шабындығын суландырып, тіршілік жасауға көп мүмкіндік жасауды көздейтін осы гидроқондырғы құрылысына 350 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған», – деді ол.
Алайда депутат гидроқондырғының арада бір жыл өтпей жатып-ақ істен шығып қалатынын, Шу арнасы су толғанда қондырғыны қопарып, шайып кететінін айтып, қазір гидроқондырғыны қайта салу мәселесі күн тәртібінде тұрғанын жеткізді.  width=
«Осыған байланысты Жол картасында жоба бойынша 704 млн теңге қаржы көзделген. Мойынқұм ауданының бір өзекті мәселесі осы. Біз сол бұрынғы гидроқондырғының қирағанынан қалған темірбетондардың қисайып-қисайып жатқанын барып көрдік. Сусыған құм, майлы топырақ, тоған үсті... Бұндай нысан керек. Бірақ... Сапалы, мықты, берік болуы қажет», – деді ол.
 width=