Жаңалықтар

«350 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған гидроқондырғы істен шықты» – Мәжіліс депутаты

ашық дереккөзі

«350 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған гидроқондырғы істен шықты» – Мәжіліс депутаты

Мәжіліс депутаты Мейрамбек Төлепберген Жамбыл облысының Мойынқұм ауданына іссапар кезінде сапасыз салынған Шу өзені суын реттейтін Радай өзегі гидроқондырғысының істен шыққанын айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Айдынды, ағысы қатты Шу өзені суын реттегіш Радай өзегінің гидроқондырғысы 2014 жылы салынған болатын. Алты ауылдың жайылымы мен шабындығын суландырып, тіршілік жасауға көп мүмкіндік жасауды көздейтін осы гидроқондырғы құрылысына 350 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған», – деді ол. Алайда депутат гидроқондырғының арада бір жыл өтпей жатып-ақ істен шығып қалатынын, Шу арнасы су толғанда қондырғыны қопарып, шайып кететінін айтып, қазір гидроқондырғыны қайта салу мәселесі күн тәртібінде тұрғанын жеткізді.