Танымал «GPARK» құрылыс компаниясына қатысты әкімшілік іс қозғалды

Танымал «GPARK» құрылыс компаниясына қатысты әкімшілік іс қозғалды

Танымал «GPARK» құрылыс компаниясына қатысты әкімшілік іс қозғалды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Монополияға қарсы департамент «GPARK» ЖШС-не қатысты ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбағаны үшін әкімшілік іс қозғап, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарды деп жазды turkystan.kz. Бұған дейін Монополияға қарсы департамент елордада бастапқы тұрғын үйді сату тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау шеңберінде, нарық субъектілерінің атына қажетті ақпаратты ұсыну туралы сұрау жіберген болатын. Бірақ бұл компания өтінішті ескермеген.
«GPARK» ЖШС ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбауына байланысты кәсіпорынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 162-бабы бойынша әкімшілік іс ашылды. Құрылыс компаниясы орта кәсіпкерлік субъектісі болып саналатындықтан, оған 1,1 млн теңгенің (360 АЕК) айыппұлы салынды. Аталмыш компанияның айыппұлды белгіленген мерзімде төлемегендіктен, елордалық Монополияға қарсы департамент әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарды. Алдағы уақытта іс мәжбүрлеп орындату үшін сот орындаушысына жіберілетін болады. Бұл ретте «GPARK» ЖШС Монополияға қарсы департаменттің сұрау салуы бойынша ақпарат ұсынудан босатылмайды», - делінген Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарламасында.