БАҚ-та неге қылмыс көп?

БАҚ-та неге қылмыс көп?

БАҚ-та неге қылмыс көп?
ашық дереккөзі

Абаев қазақстандық БАҚ-тарда қылмыстың неге көбейіп кеткенін түсіндірді.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың ойынша, отандық телеарналар қазіргі қазақстандық қоғамның сұранысына жауап бере алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Арналар, әсіресе жекеменшік арналар барлығы да рейтингке қарайды. Олар көрерменнің не қарайтын қарастырады. Егер көрермен қылмысты қарайтын болса, олар қылмысты береді. Себебі бұл жарнама саудасына тікелей әсер береді, жарнама жүріп жатса, қаржыландыру мен тіршілік етудің бар болғаны. Яғни барлық нәрсе осыған келіп тіреледі", - деді Абаев. Ол отандық ТВ-ның белгілі бір деңгейде қазіргі қоғамның сұранысына жауап беріп отырғанын атап өтті. "Арналар бізде атына заты сай, олар көрермен сұранысына жауап береді. Қандай қоғамда өмір сүрсек, соны арналардан да көруіміз хақ", - деді министр.