Ресей әскері Чернобыльді басып алды

25 ақпан, 2022 / Ерік Елеусіз
ашық дереккөзі
Ресей әскері Чернобыльді басып алды Украина Президенті кеңсесінің кеңесшісі Михайло Подоляк Чернобыль атом электр станциясын ресейлік күштер басып алғанын айтты деп хабарлады turkystan.kz Reuters-ке сілтеме жасап.
«Ресейдің мүлдем мағынасыз шабуылынан кейін Чернобыль атом электр станциясын қауіпсіз деп айту мүмкін емес. Бұл – қазіргі Еуропадағы ең ауыр қауіптердің бірі», - деді кеңесші.
Айта кетсек, кеше Ресей Украинаға ІІ Дүниежүзілік соғыстан бергі ең ірі шабуыл жасап, құрлықтан, теңізден және әуеден басып кірген еді. Ал украин күштері олармен үш жақтан соғысты.