Аудандық аурухананың бас дәрігері ана өлімін жасырған (ВИДЕО)

Аудандық аурухананың бас дәрігері ана өлімін жасырған (ВИДЕО)

Аудандық аурухананың бас дәрігері ана өлімін жасырған (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстанда аудандық аурухананың бас дәрігері ана өлімін жасырған деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Бұл жайында Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 4 баланың анасы бесінші сәбиіне жүкті болған. Өткен жылдың шілде айында ол Тайынша аудандық ауруханасына жүгінген. Тексеру нәтижесінде одан коронавирус анықталып, Петропавлдағы облыстық ауруханаға ауыстырылған. Дәрігерлер баланы аман алып қалғанымен, анасының өміріне араша түсе алмады. Араға үш апта салып Әйгерім Қазезова пневмониядан қайтыс болды. Алайда, дәрігерлер оның өлімін ресми түрде тек бір айдан кейін тіркеген. Құжат былығына жауапты тұлға Тайынша аудандық ауруханасының бас дәрігері Анатолий Рафальский айғай-шудан кейін зейнетке шығып кеткен. Ал облыстық аурухананың басшысы қызметін әлі жалғастырып жатқан көрінеді.
«Жүкті әйел босанған соң бірнеше күннен кейін қайтыс болса, министрлік арнайы тексеріс тағайындайды. Дәрігерлер барлығынан жасырып, жауапкершіліктен жалтарған болса керек. Біз бұл оқиға жайында әлеуметтік желіден білдік. Дәрігерлер бұл хабарды басқармаға жеткізген жоқ. Тайынша ауданының бас дәрігері зейнетке шығу туралы арыз жазды. Мен ол арызды қабылдадым. Ал облыстық аурухананың бас дәрігеріне қатысты шешім әлі қабылданған жоқ. Бұл мәселе облыстық әкімдіктің деңгейінде шешілуі тиіс», - деді  СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Айманов.
Марқұмның жолдасы мәселенің бас дәрігердің кетуімен шешілуіне қанағаттанбайды. Кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етіп отыр.
«Бүгін мен РОВД-ға бардым. Тергеушілер менен түсініктеме алды. Негізгі кінә облыстық ауруханадағыларда ғой. Соттату керек оларды!» - деді марқұмның жолдасы Сағадат Қазезов.
Тағы оқи отырыңыз: «Тұрып босандым. Бала еденге құлап түсті»: перзентханада нәресте мерт болды