ҚР Ауыр атлетика федерациясы пікір білдірді

ҚР Ауыр атлетика федерациясы пікір білдірді

ҚР Ауыр атлетика федерациясы пікір білдірді
ашық дереккөзі
Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы жүлделерінен айырылған Илья Ильинге байланысты жағдай туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Халықаралық олимпиада комитеті қазақстандық атлетті 2012 жылғы Лондон және 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының жүлделерінен айырғаны белгілі. Мұндай шешім Ильиннің допинг-сынамаларынан тыйым салынған заттардың табылуына байланысты болды. "А" және "В" сынамаларын қайта сараптау қорытындысы бойынша ХОК-тың тәртіптік комиссиясының шешімімен спортшының жетістігі жоққа шығарылып, ол жүлделері мен дипломдарынан айырылды. Мұның алдында ҚР Ауыр атлетика федерациясының бастамасымен қазақстандық спортшылардың сынамаларын қайта тексерудің қорытындысын бірнеше ай зерттеген қорғаушылар мен зертханалық сарапатама саласының мамандарынан топ құрылған болатын. "Дегенмен танымал мамандар допинг-сынаманы қайта тексеруден кемшілік таппады. Осының салдарынан қазақстандық атлеттердің олимпиадалық жетістіктерін қорғап қалуға еш мүмкіндік болмады. Ал қорғаушылар тобы спортшының әлемдік және құрлықтық біріншіліктерде ұтқан жүлделері мен атақтарын қорғауды жалғастырады. Сонымен бірге, ауыр атлетті жарысқа қатыстырмау жазасын жеңілдетуге тырысады. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы жарысқа қатыстырмау мерзімі туралы шешімді жақын арада қабылдайды", - делінген федерация хабарламасында. Осы жылдың маусым айында 28 жастағы қазақстандық аталған жағдайларға байланысты 2016 жылғы Олимпиадаға қатыса алмады. Мұның алдында ХОК Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло мен Майя Манезаны допинг сынымылары расталғаннан кейін 2012 жылғы Олипиаданың алтынынан айырған, ал еркін күрес палуаны Таймураз Тигиевті 2008 Олипиаданың күміс жүлдесінен айырып, Алмас Өтешіовтың нәтижесін жойған болатын. Кейін тағы бес спортшы Мария Грабовецкая (75 келіден жоғары категорияда қола медаль алған), Әсет Мәмбетов (96 келіге дейінгі салмақта қола медаль алған), Майя Манеза (турнир басталмай тұрып, жарыстардан шығып қалған), Ирина Некрасова ("63 келіге дейінгі салмақта күміс медаль еншілеген) және Владимир Седов (85 келіге дейінгі категорияда төртінші орын алған) жетістігін жою мен жарыстан шеттетіні туралы хабарланған болатын.