«Ондай еркек ер емес»: Жанар Айжанова жанына батқан жайды айтты

«Ондай еркек ер емес»: Жанар Айжанова жанына батқан жайды айтты

«Ондай еркек ер емес»: Жанар Айжанова жанына батқан жайды айтты
ашық дереккөзі

Белгілі әнші Жанар Айжанова «Түнгі хабар» бағдарламасында қазіргі отбасы құндылықтарын сөз  етті деп хабарлады turkystan.kz.

Ол қоғамда әйел сияқты ерлердің көптігін айыптап, азаматтардың майдаланып бара жатқанына қынжылыс білдірді.
«Мен бала күнімде ер-азамат секілді өстім. Үнемі әкемнің қасында жүрдім. Үй шаруасына емес, даланың жұмысына араластым. Әкем ұл болып туғаныңда есіміңді Жанарбек деп қояр едім деп жиі айтатын. Сондықтан әкемнің қасында ұл секілді өстім. Мал қараймын, түгендеймін, қора тазалаймын, су әкелемін. Даланың жұмысын атқарамын. Жылына бір рет бәйгеге шауып, кілем ұтып әкелемін. Жасөспірім кезіме дейін әкеммен аңшылыққа шығып, мылтық атып үйрендім. Содан кейін бе, кейбір еркектерге қарным ашады. Қалаға келгенде мал соя алмайтын, пышақ қайрай алмайтын, жілік танымайтын, мал танымайтын еркектерді көріп таңғалдым. Бұл деген жақсы емес. Бәрін үйрену керек. Қазір бәріне жағдай жасалған. Ер-азамат өз міндеттерін білу керек», – деді Жанар Айжанова.
Сондай-ақ ол әйелі тапқан ақшаға ортақтасып, масыл болып отырған ерлерді де түйреп өтті.
«Егер әйелдің мұқтажын өтемесе, мал таппаса, қолынан ешнәрсе келмесе, әйелдің бір жағына шықпаса, ондай еркек ер емес. Ол шариғатта да харам саналады. Әйелі баласын да, сөмкесін де көтеріп кетіп бара жатады. Еркегі қарап тұрады. Егер көтеріссе, өзін «подкаблукпын» деп ойлайды. Ал көмектеспеу арсыздық емес пе? Ол - сенің балаң, сенің әйелің, сенің шаңырағың. Не үшін көмектеспеске? Егер әйелдің қолы тимей жатса, баланың жөргегін ауыстыру қатындыққа жатпайды. Ер мен әйел санасқан жерде ешнәрсе өнбейді», – деді әнші.
Тағы оқи отырыңыз: Сүндет тойға америкалық акуланы сойған әнші сынға ұшырады