Студенттер сайлау кезінде блокчейн технологиясын қолдануды ұсынды

Студенттер сайлау кезінде блокчейн технологиясын қолдануды ұсынды

Студенттер сайлау кезінде блокчейн технологиясын қолдануды ұсынды
ашық дереккөзі
22-23 ақпанда Орталық сайлау комиссиясының басшысы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Атырау облысында болды деп хабарлады turkystan.kz. Ол 22 ақпан күні Сарайшық ауылдық округінің былтырғы 25 шілдеде сайланған әкімімен және тұрғындарымен кездесті. Ауыл тұрғындары өткен сайлау туралы өз ойларын айтты. Олардың пікірінше, әкімдерді тікелей сайлау институтын енгізу мәселесі өзін-өзі ақтап отыр. Ауыл тұрғындарының өз таңдауын жасауға деген осы мүмкіндігі өздері сайлаған әкімге қойылатын талаптарды да арттыра түспек. Сонымен бірге жергілікті деңгейдегі билікке деген сенім деңгейіне де әсер етеді. Сайланған әкім Жексенбай Пазылов ауыл әкімі лауазымына үміткерлерге тікелей пікірсайыс өткізуді ұсынды. Сондай-ақ, ол өз міндеттерін тиімді басқару және сапалы орындау үшін ауыл әкімдерінің жоғары білімі, жергілікті мемлекеттік басқаруда кәсіби тәжірибесі, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілермен және бухгалтериямен жұмыс істеу дағдылары болуы қажет екенін айтты. Кездесу қорытындысы бойынша ауыл тұрғындары Орталық сайлау комиссиясына сайлау процесі мәселелері бойынша тікелей диалог жасауға мүмкіндік туғызып отырғаны үшін ризашылықтарын білдірді. Ал 23 ақпанда ОСК Төрағасы саяси партиялардың, ҮЕҰ өкілдерімен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен, журналистермен, блогерлермен, өңірдегі сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесті. ОСК Сайлау процесін жетілдірудің түрлі мәселелері бойынша пікір алмасу болды. Атап айтқанда, саяси бәсекелестікті дамыту, сайлаудың ашықтығы мен айқындығы, цифрлық технологияларды енгізу, бақылаушылар мәртебесін арттыру, мүгедектігі бар сайлаушылар үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету жөніндегі сайлау комиссияларының жұмыстары сияқты тақырыптар талқыланды. Осы күні Нұрлан Әбдіров жас сайлаушылармен - Атырау қаласының жоғары оқу орындары мен колледж студенттерімен кездесті. Кездесуге қатысушылар сайлау процесін жаңғырту бойынша бірқатар нақты ұсыныстарды алға тартты. Осылайша, студенттер сайлауды блокчейн технологияларды қолдана отырып өткізуді, әлеуметтік желілерді кандидаттар мен саяси партиялардың сайлау алдындағы үгітті жүргізуге арналған үгіт алаңдары ретінде пайдалануды, сайлаушыларды жаңа форматта хабардар етуді ұсынды. Айта кетсек, жастар арасында алдағы сайлау процестерінде волонтер болуға ниет білдіргендер де болды.
«Жастар - бұл Жаңа Қазақстанның болашағы және олардың сайлау процесіне белсенді түрде араласа түсуі еліміздің дәл қазіргі даму кезеңінде ерекше маңызды болып отыр», - деді ОСК төрағасы.
Кездесулердің барлығында оған қатысушылар сайланбалы лауазымдарға кандидаттарға қойылатын заңнама талаптарына қатысты өз пікірлерін білдірді. Кездесудегі кейбір жекелеген адамдарды қоспағанда, абсолютті көпшілік кандидаттардың жоғары білімі, мемлекеттік қызметте немесе сайланған лауазымдарда жұмыс тәжірибесі болуы қажет екенін нық айтып отыр. Олардың пікірінше, соттылығы бар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа барған кандидаттар сайлауға жіберілмеуі тиіс. Сонымен қатар, қатысушылар Президент лауазымына кандидаттар міндетті түрде Қазақстан Республикасының азаматтары болып, оның аумағында тұрақты тұруы қажет және мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша лингвистикалық рәсімдерден өтуі тиіс дегенді айтты. Тағы оқи отырыңыз: Мәжілісмендер ШҚО-да сайлауалды бағдарламасының орындалуын талқылады