Ұлттық статистика бюросының басшысы тағайындалды

Ұлттық статистика бюросының басшысы тағайындалды

Ұлттық статистика бюросының басшысы тағайындалды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымына тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Жандос Шаймарданов 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

2009 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Йорк университетінде білім алған. Мамандығы -  «Экономика және қаржы». Еңбек өтілі:
  • Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бас сарапшысы (2009-2010);
  • «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ менеджері (2010-2013);
  • Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі (2013-2014);
  • Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры (2014-2016);
  • Департамент директоры, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры (10.2016-2019);
  • «QazTech Ventures» АҚ Басқарма төрағасы (2019-2020);
  • ҚР Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры (2020 жылдан бастап).
Тағы оқи отырыңыз: «ҚазТрансОйл» басшысы тағайындалды