Қарағандыда оқушыны соққыға жыққан кондуктор жұмыстан шеттетілді (ВИДЕО)

Қарағандыда оқушыны соққыға жыққан кондуктор жұмыстан шеттетілді (ВИДЕО)

Қарағандыда оқушыны соққыға жыққан кондуктор жұмыстан шеттетілді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қарағанды қаласында қоғамдық көліктің кондукторы мектеп оқушысына қол көтерген. Жергілікті автопарк өкілдері оқиғаға қатысты түсініктеме берді деп жазды turkystan.kz. Еске сала кетсек, кеше әлеуметтік желіде автобус қызметкерінің оқушыны алқымынан алып, балағаттаған видеосы тараған болатын. Желідегі ақпарат бойынша, оқиға №56 автобуста болған. Видео авторы кондуктордың жас жолаушыда ONAY картасының болмағаны үшін ашуға мінгенін жазған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от QARAGANDY HABARY (@qaragandy_habary)

Қарағанды қаласындағы жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Асыл Түлеубаевтың айтуынша, бұл дерек бойынша соталды тергеу басталған.
«Қазір кондуктор жұмыстан шеттетілді. Кінәсі дәлелденген жағдайда ол жұмыстан босатылады. Сонымен қатар, қалада электронды билеттеу жүйесі енгізіліп жатқанын еске саламыз. Жол жүруге арналған жаңа тариф енгізілгеннен кейін автобустар кондукторсыз жүретін болады», - деді Асыл Түлеубаев.